Бұл жолы магнитудасы 5 балдық зілзала тіркелді
Бүгін түнде Түркияның Каһраманмараш илінде (облыс, провинция, – ред.) тағы жер сілкінді. Бұл жолы магнитудасы 5 балдық зілзала тіркелді.
Ресми мәліметке сүйенсек, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Әзірше зардап шеккен адамдар мен қираған үйлер туралы ақпарат жоқ.
6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жер сілкінісі болған еді. Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия мен Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінен 45 мың адам қаза тапты.