Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Атырау облысында 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше сағат 23:30 шамасында 16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктен құлап көз жұмған.
Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Тараздағы шағын аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан 19 жастағы қыздың секіріп кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.