×

Атырау облысында жасөспірім көпқабатты үйден құлап қайтыс болды

Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 03.03.2023 | 11:53
Фото: polisia.kz

Атырау облысында 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кеше сағат 23:30 шамасында 16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктен құлап көз жұмған.

Қазір аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тараздағы шағын аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан 19 жастағы қыздың секіріп кеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама