×

SMS арқылы 200-ге жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

Хабарлама 12 мыңнан аса адамға жіберілген болатын

 Динара Амантай 03.03.2023 | 10:17
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласындағы қолдау шаралары туралы ақпараты бар SMS-хабарламаларды алғаннан кейін 5 мыңға жуық қазақстандық Enbek.kz сайтына кіріп, бірнеше жүздеген адам сall-орталыққа қоңырау шалған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазірдің өзінде 173 адам жұмысқа орналасты: 50 – тұрақты жұмыс орындарына, 123 – уақытша жұмыс орындарына орналасып, 73-і кәсіпкерлік негіздеріне оқуды бастады.

SMS-хабарлама алғаннан кейін белсенділік танытпаған азаматтармен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері қосымша байланысып, жұмысқа орналастыру, оқыту және т.б. бойынша қажетті қызметтерді алуды ұсынады.

Жалпы, мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары туралы ақпаратты Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады, - деді ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Айта кетсек, биыл 13 ақпанда ЕХӘҚМ 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасынан 12 мыңнан аса қазақстандыққа жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараты бар SMS-хабарламалар жолдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама