Биыл елімізге сырттан 24,6 млн дана гүл жеткізіліп отыр
2022 жылы 46,7 млн долларға 6 690 тонна гүл әкелінген
Қазақстанға жыл басынан бері 24,6 млн дана гүл әкелінді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген. Ақпан айының жедел ақпаратына сәйкес, оның құны – 9,5 млн доллар.
Бұл ретте раушан гүлдеріне сұраныс жоғары болып тұр. Елімізге құны 5,8 млн долларға жуықтайтын, салмағы 799 тонна немесе 18 млн дана гүл талы әкелінген. Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны – 1,3 млн доллар), үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны – 161 мың доллар).
Сонымен қатар, лалагүл де жоғары сұранысқа ие. Оның 35 тоннасы 192 мың АҚШ долларына әкелінген. Басқа да жаңа кесілген 376,8 тонна гүл (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және т.б. экзотикалық гүлдер) 2,2 млн долларға алынған.
Биыл гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен жеткізіліп отыр.
Өткен жылы да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған. Жалпы, 2022 жылы Қазақстанға 46,7 млн долларға 6 690 тонна гүл әкелінген.
Сондай-ақ өткен жылы қазақстандық раушан Өзбекстанда сұранысқа ие болып, 94 мың долларға 25 тонна гүл экспортталған.