Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Дастан Жұмабекұлы

Қайғылы оқиға Үшарал – Достық автожолында болды

фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы Алакөл ауданында жол апаты болды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Үшарал – Достық автожолының 61-шақырымында Mazda CX-7 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Volkswagen көлігін басып озғысы келгенде онымен соқтығысқан. Соның кесірінен Volkswagen-нің жүргізушісі көлікті жүргізе алмай, жол жиегіне шығып, аударылды. Жол апатынан 55 жастағы әйел қаза тапты.