Украинада зымыран соққысынан бірнеше адам қаза тапты

Халық үні

Ресей бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ

фото: украинсая правда

Украинаның Запорожье қаласына зымыранмен шабуыл жасалып, төрт адам қаза тапты.

Би-Би-Си-дің хабарлауынша, снаряд бес қабатты тұрғын үйді жермен-жексен еткен. 8 тұрғын ауруханаға түсті. Тағы бес адам жоғалып кеткен. Ондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шабуыл С-300 зениттік-зымырандық кешенімен жасалған. Ресей бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Әйтсе де, ресми Мәскеу бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын бұған дейін үнемі жоққа шығарып келген еді.