×

Таразда қатаң режимдегі колониядан өрт шықты

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр

 Халық үні 03.03.2023 | 00:33
фото: видеодан скриншот

Тараздағы қатаң режимдегі колониядан өрт шықты. Өрт түрменің өндірістік аумағындағы ғимараттың үшінші қабатынан тұтанған. Дәл сол бөлмеде ағаш өңдеу цехы болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Оқыс оқиға кезінде онда ешкім болмаған. Ал өрт лезде сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт кезінде жазасын өтеушілердің қашу, қашуға оқталу сынды әрекет болған жоқ. Сотталушыларды бірден түгендеп шықтық. Бәрі орнынан табылды. Іштегі өртті өзіміз, шатырға жайылғанын төтеншеліктер сөндірді», №59 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі бастығының орынбасары Ербол Нұржанов. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама