×

Forbes тізіміндегі тағы бір қазақстандық бизнесменнің қылмысы әшкереленді

5 қант зауыты, 20 жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік, 40 автокөлік. Күдіктілердің осынша мүлкі анықталды

 Қымбат Елтайқызы 31.03.2022 | 09:45
Нұрлан Тілеубаев, фото: fergananews.com

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады.

«Forbes журналының тұжырымы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне кіретін Н.С.Тілеубаевтың 2012-2017 жылдар аралығында банк ақшасын қайтарылмайтын несие беру жолымен жымқырғаны анықталды», – деді ҚМА-ның аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.

Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының мүлкіне бұғат қойылды. Мүлік құны 48 млрд теңгеден асады және олар 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік, 40 автокөліктен тұрады.

Бұған қоса БАӘ, Ресей, Латвия, Чехиядағы активтері бұғатталды, – делінген ақпаратта.

Қылмыстан келген залал 200 млрд теңге, 200 млн доллар, 4 млн еуроны құрады.

«Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды. Іс бойынша айыпталушылар қамауға алынды», – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама