«Сәпиев ішінен ұрған»: Боксшы мен балуан арасындағы кикілжіңге қатысты тың мәлімет шықты
Әркім өз шындығын айтуда
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Артем Резников Batyrball турнирінде төбелесіп қалған Серік Сәпиев пен Зелимхан Мусихановқа қатысты тың пікірмен бөлісті, деп хабарлайды nur.kz.
Естеріңізде болса, Алматыда спорт жұлдыздарының қатысуымен өткен ММА NAIZA 49 турнирінде боксшы Серік Сәпиев пен еркін күрес шебері Зелимхан Мусиханов жанжалдасып қалған болатын.
Резинковтің командасында өнер көрсеткен 20 жастағы Мусиханов 39 жастағы Олимпиада чемпионын күрес әдісімен жерге алып ұрады. Әрі қарай екі спортшы арасында үлкен жанжал туындап, бұл оқиға әлеуметтік желіге тез таралды. Сол ойынға қатысқан Резниковтің айтуынша, екі спортшының да кінәсі бар.
«Мусиханов жастығына қарамай, өзінен 20 жас үлкен адамды жекпе-жекке шақырғаны үшін кешірім сұрады. Мұның себебі - ойын ережесін соңына дейін дұрыстап үйренбегені. Осының салдарынан Зелимхан ереже бойынша ойнадым деп түсінсе, Серік ереже бұзылды деп ойлаған.
Бізге допсыз қарсыласты лақтыруға рұқсат берді. Добы жоқ біраз адамды лақтырдық, бізді де лақтырды. Зелимхан Серікті көтеріп алған соң ол: «Мені неге лақтырасыңдар?», деп қолдарын сермей бастады. Ал кейін Мусихановты ішінен ұрып жіберді. Осы жерде кикілжің басталды. Әркім өз шындығын айтуда. Екеуі де кінәлі», - деді Резников.