БҚО тұрғыны 4 мың теңге үшін 7 жылға сотталуы мүмкін
Оның айтқанын орындаудан бас тартқан
Батыс Қазақстан облысында мас ер адам дүкен сатушысына пышақпен тап берді, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, мас ер адам қаладағы дүкендердің біріне кіріп, сатушысын пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны беруді талап еткен. Әйел адам оның айтқанын орындаудан бас тартқан кезде ол пышақты сарт еткізіп, оның қолын жарақаттаған.
Ақшаны ала алмасын білген қаскөй дүкеннен бірнеше тауарды алып, өз жөніне кеткен.
«Қарақшы ізін суытпай ұсталды, ол 42 жастағы облыс тұрғыны екені анықталды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Келтірілген шығын сомасы небары 4099 теңгені құрады. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.