×

Блинкен Нөкістегі оқиғаларды бұрмаламай зерттеу керектігін айтты

Былтыр Қарақалпақстандағы наразылық күшпен басылып, қан төгілуге апарып соқты

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 17:45
фото: ашық дереккөз

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ташкентке сапары кезінде былтыр Қарақалпақстанда болған оқиғаларды әділ зерттеудің маңызды екеніне назар аударды.

Блинкен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияепен және елдің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиер Саидовпен кездесті.

Кездесуден кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына берген жауабында Блинкен былтыр шілдеде Қарақалпақстанда болған қанды оқиғадағы адам құқықтарының бұзылуына қатысты мәліметтерді жіті тексеру керек дегенді айтты.

Былтыр 1-2 маусымда Қарақалпақстанның орталығы – Нөкісте жергілікті тұрғындар Өзбекстан Конституциясынан егемендік туралы бапты алып тастау ұсынысына қарсы шыққан болатын.

Ақыр соңында наразылық күшпен басылып, қан төгілуге апарып соқты. Өзбекстан билігі тектіресте 21 адамның қаза тапқанын, 243 адамның жарақат алғанын хабарлаған. 500-ден астам адам қамауға алынған.

Акциялардан кейін президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан егемендігі туралы баптың өзгертілмейтінін мәлімдеді. Сол кезде ол бұл наразылықтың артында «сыртқы күштер тұр» деген.

Өзбекстанға дейін Блинкен Астанада Орталық Азияның сыртқы істер министрлерімен саммитке қатысты.

Өзбекстан сапарынан соң ол «Үлкен жиырманың» саммитіне қатысу үшін Үндістанға аттанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама