Енді ол полицияның бақылауында болады
Таразда құрдасын ұрған 13 жастағы баланың ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 14 ақпанда Тараз полициясының №2 бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған.
Әйел 27 қаңтарда кешкі сағат 19:00-де 13 жастағы жасөспірім өзінің ұлын жарақаттағанын айтты. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажет тергеу әрекеті жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.
Полиция Қылмыстық кодекстің 15-бабы бойынша 16 жасқа толмаған азамат қылмыстық жауапқа тартылмайтынын ескертті.
Тәртіп сақшылары 13 жастағы баланың ата-анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 103 500 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.
Тергеу барысында жасөспірімге құрдасының амандасқаны ұнамай қалған. Жәбірленуші екі қолмен амандаспаған. Содан кейін 13 жастағы жасөспірім оны жазалаған.
Кәмелетке толмаған құқықбұзушы Тараз қаласы полиция басқармасының №2 полиция бөліміне профилактикалық есепке қойылды.