×

«Азия балалары» ойындары: бір отбасының мүшелері жүлдегер атанды

Софья Шишкинаның әпкесі Вероника 2019 жылы жеңімпаз болған

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 17:11
фото: ашық дереккөз

Қазір Ресейдің Кемерево облысында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде қола жүлдегер атанды. Ол К-40 трамплинінде қос жаттығудан 203 ұпай жинады.

Софьяның әпкесі Вероника Шишкина 2019 жылы Оңтүстік Сахалин қаласында өткен алғашқы «Азия балалары» қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден жекелей сында жеңімпаз атанған болатын. Енді бұл отбасында «Азия балалары» ойындарының екі жүлдегері бар.

Еске сала кетсек, 2019 жылы өткен алғашқы «Азия балалары» ойындарына Қазақстан құрамасы 74 спортшы апарып, 7 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алған еді. Сол кезде спортшыларымыз жалпы есепте 11 команданың ішінде 6-орыннан көрінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама