×

Қостанай облысында КамАЗ әйелді қағып кетті (ВИДЕО)

Ол оқиға орнында көз жұмды

 Дәурен Ерболат 02.03.2023 | 16:57
Коллаж: «Голос народа»

Рудныйда жүк көлігі әйелді қағып кетті, деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін болған. Қаладағы Ленина және Горняков көшелерінің қиылысында әйелді КамАЗ соғып кеткен.

КамАЗ (қоқыс таситын көлік) жүргізушісі жаяу жүргінші жолынан өтпек болған әйелді қағып кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама