×

Шымкентте 5G станциялары орнатылады

Биыл қалада интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделген

 Динара Амантай 02.03.2023 | 16:47
Фото: plandge.ru

Шымкентте 5G технологиясымен 10 базалық станция орнату жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өткен жылдың өзінде мобильді операторлармен бірлесе қаладан шалғай орналасқан 14 елді мекенге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнатылған. Қойылған құрылғылар арқылы 71 мыңға жуық қала тұрғынына сапалы интернет желісі қолжетімді болды. Олар: Асар, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (автоцон), Ақжар, Ақтас және Ақжайық шағын аудандары.

Ал биыл мобильді операторлармен бірлесе интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделіп, қазір келісім жүргізіліп жатыр.

Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, жуырда шаһар орталығына 5G технологиясымен 10 базалық станция орнатылмақ. Қазір станция қойылатын нүктелер анықталып, құрылғылар орнатылып жатыр. Алдағы 2 айда монтаж жұмысы аяқталып, жоғары жылдамдықтағы интернет іске қосылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама