Қарулы Күштерде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылды
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауыстырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 1 наурыздан бастап азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады.
SmartDataUkimet ақпараттық-талдау жүйесінің арқасында кейінге қалдыру құқығы 500 мыңнан астам әскерге шақырылушыға берілетіні анықталып отыр. Бүгіннен бастап азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.