Қамшыбек Қоңқабаев WBA тізімінен түсіп қалды

Дастан Жұмабекұлы

Орта санатта Геннадий Головкин WBA Super әлем чемпионы болып қалып отыр

фото: ашық дереккөз

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл тізімде аса ауыр салмақта Иван Дычко ғана бұрынғы орнында тұр. Ол 15-орынды сақтап отыр.

Бұл дивизионды әлем чемпионы украиналық Александр Усик бастап келеді. Рейтингте конголық Мартин Баколе екінші, америкалық Деонтей Уайлдер үшінші орынға жайғасып отыр.

Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. Жақында ол Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін өткен халықаралық турниріне қатысып, бір жекпе-жек қана өткізіп, 1/8 финалда өзбекстандық Баходир Жалоловпен шаршы алаңға шықпай қалған еді.

Одан басқа Қазақстан өкілдерінен Серік Мұсаділов 15-орында тұр.Тағы бір отандасымыз Бек Нұрмағанбет екінші орта дивизионда 9-дан 8-орынға көтерілді.

Орта санатта Геннадий Головкин WBA Super әлем чемпионы болып қалып отыр. Әлем чемпионының белдік кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев 12-інші және 13-орнын сақтады. Бұл салмақта тізімді доминикандық Эктор Луис Гарсия бастап отыр.