×

Борейко, Бажкенова, Ерғалиева, Ибраева: журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды

Олар мемлекеттік деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген

 Дәурен Ерболат 02.03.2023 | 16:12
Фото: gov.kz

Қазақстандық журналистер Вадим Борейко, Гүлнар Бажкенова, Гүлжан Ерғалиева, Самал Ибраеваға шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ұсталған О.Токарев кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті.

Оған басқа шетел азаматтары К.Литвинов, С.Шаповалов, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды,  яғни «қабандар» деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ олар ашық ақпарат дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді жинаған әрі мемлекеттік деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген.

Күдіктілер Токаревпен бірге арандатуларды іске асыру жолдарын (көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау) әзірлеген. Мысалы, Я. Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), Orda және Elmedia сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. Ulysmedia редакциясының сайтын бұзған.

Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарына халықаралық іздеу жариялау мәселесі пысықталып жатыр. Тергеудің нәтижесі қосымша хабарланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама