Алматыда жас жігіт жол ережесін өрескел бұзуды әдетке айналдырған (ВИДЕО)
Оған қомақты айыппұл салынды
Алматыда көлікті қауіпті жүргізген 22 жастағы жігітке жарты млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жол ережесін өрескел бұзу фактісін полиция әлеуметтік желіні бақылау барысында анықтады.
«Біздің бөлімнің қызметкерлері тексеру жүргізді. Нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан BMW жүргізушісін анықтады.
Ол жол қозғалысы ережесін 29 рет өрескел бұзған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабы 1-бөлігі бойынша («Маневр жасау ережелерін бұзу»), Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабы 1-бөлігі бойынша («Апаттық жағдай туғызу») 2 хаттама, жалпы 27 хаттама толтырылды. Жүргізушіге 534 750 мың теңге айыппұл салынды», - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзақбаев.