Қазақстандық ғалымдар астықтың «Таймас» атты жаңа сұрпын ойлап тапты
Ақмолалық селекционерлер оны соңғы 15 жыл бойы зерттеген
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары «Таймас» атты астықтың жаңа сұрпын ойлап тапты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаңа сұрып мемлекеттік тексерістен сәтті өтіп, патент алған және енді басым тұқымдар түрінде таратылатын болады.
Ақмолалық селекционерлер «Таймасты» соңғы 15 жыл бойы зерттеген. Астық орталығында жаңа сұрып құрғақшылыққа және қоңыр тотқа төзімді екенін атап өтті. Бидайдың тот басқан аурулары, әсіресе елдің солтүстік аймақтарында өнімділіктің төмендеуінің басты себептерінің бірі болып табылады. Астық сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша, «Таймастың» құрамында шикі клейковинаның мөлшері 32,3-34,5%, ақуыз 15,1-15,7% болатын күшті бидайға жатады.
Зерттеу жылдарында жаңа сұрып өзін жоғары өнім ретінде көрсетті. Максималды көрсеткіші гектарына 38,5 ц/га құрады. Тіпті, 2018 жылы, өсімдік ауруларының өршуі болған қиын кезде, ол басқа сұрыптардан 8 ц/га асып түсті. «Таймас» Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіру үшін өте қолайлы, – дейді мамандар.
«Таймас» Қазақстанның селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Қазір тұқымның элиталық түрін көбейту жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.