Әлемнің 12 нүктесінде 8,5 магнитудадан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін
Түркияда жойқын зілзаланың болатынын ескерткен сейсмолог әлемнің 12 жерінде жер сілкінісі болатынын болжады, деп хабарлады ZTB Қазақстан.
Сейсмолог Франк Хугербитстың айтуынша, күшті жер сілкіністері наурыз айында болады.
Оның мәліметінше, 2-5 наурызда ғаламшарлар геометриясының жақындауы 3-4 немесе 6-7 наурызда сейсмикалық белсенділікке әкеп соғады. Соның салдарынан әлемнің 12 нүктесінде 8,5 магнитудадан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін.
Бұл жер сілкінісі Ресейге (Курил аралдары), Жапонияға, Оңтүстік Еуропа елдеріне, Индонезияға, Пәкістанға, сондай-ақ Солтүстік Американың бір бөлігіне әсер етеді деп болжанып отыр.
«Мен әсіре сілтеп, қорқыныш тудыруға тырыспаймын. Жай ғана ғылыми болжамдарға сүйеніп, ескертіп жатырмын», - деді сейсмолог.