×

Сейсмолог наурызда жойқын жер сілкінісі болатынын болжады

Әлемнің 12 нүктесінде 8,5 магнитудадан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін

 Халық үні 02.03.2023 | 07:48
ашық дереккөзден

Түркияда жойқын зілзаланың болатынын ескерткен сейсмолог әлемнің 12 жерінде жер сілкінісі болатынын болжады, деп хабарлады ZTB Қазақстан.

Сейсмолог Франк Хугербитстың айтуынша, күшті жер сілкіністері наурыз айында болады.  

Оның мәліметінше, 2-5 наурызда ғаламшарлар геометриясының жақындауы 3-4 немесе 6-7 наурызда сейсмикалық белсенділікке әкеп соғады. Соның салдарынан әлемнің 12 нүктесінде 8,5 магнитудадан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін.  

Бұл жер сілкінісі Ресейге (Курил аралдары), Жапонияға, Оңтүстік Еуропа елдеріне, Индонезияға, Пәкістанға, сондай-ақ Солтүстік Американың бір бөлігіне әсер етеді деп болжанып отыр.

«Мен әсіре сілтеп, қорқыныш тудыруға тырыспаймын. Жай ғана ғылыми болжамдарға сүйеніп, ескертіп жатырмын», - деді сейсмолог.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20