Halyq Uni логотип
×

Астана мен 12 облыста ескерту жарияланды

Астанада және еліміздің 12 облысында жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады

 Халық үні 02.03.2023 | 06:31
Астана мен 12 облыста ескерту жарияланды
Фото: turkystan.kz

Астанада және еліміздің 12 облысында жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2 наурызда Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында - 23-28 м/с. К

Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

2 наурызда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде – қарлы боран. Облыстың оңтүстігінде тұман мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде - 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні - 23 м/с, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

2 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Бүгін түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде екпіні - 23-28 м/с.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20, кейде 23-28 м/с дейін барады.

Күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады.

Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама