×

Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

 Халық үні 01.03.2023 | 21:48
фото: inbusiness.kz

Сағат 20:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтожол.

Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы мен «Өскемен-Семей» тасжолының ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығы жабық.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығы мен БҚО-дан Қобда ауылына дейінгі аралығы жабық.

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама