Барлық дерек бақылауда болады
Қазақстанда пәтер иелері кооперативінен (ПИК/КСК) мүлік иелері бірлестігіне (МИБ/ОСИ) ауысуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Astana Hub технопаркінде «Управ.дом» мобильді қосымшасы ресми түрде таныстырылды.
Қазақстандықтар осы мобильді қосымшаның көмегімен ПИК-тен МИБ-ке ауыса алады. Мысалы, олар мүлік иелері бірлестігін тіркеу үшін оның төрағасын сайлауы және үйдің тұрғындарымен бірнеше рет кездесуі керек. Сондай-ақ Әділет министрлігіне тиісті өтінішті жіберетін. Енді бұл жұмыс жеңілдейді. «Управ.дом» қосымшасы арқылы өтінішті онлайн беруге болады, - деді аталған жобаның бас директоры Олжас Ақбаев.
Оның айутынша, қосымша ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді әрі тиісті аттестат алған.
«Мобильді қосымша мүлік иелері бірлестігіне көшу реформасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған. «Дербес деректер туралы» заңнамаға сәйкес, барлық ақпарат бақылауда болады.
Бүгінде аталған мобильді қосымшаны 6 қаланың (Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтау) тұрғындары пайдаланып жүр.
Қосымшаны AppStore және Google Play платформасынан тегін жүктеуге болады.