×

«Азия балалары» ойындары: шаңғымен тұғырдан секірушілер бес медаль иеленді

Ел қоржынына тағы да күміс пен қола жүлде түсті

 Дастан Жұмабекұлы 01.03.2023 | 15:16
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Ресейдің Кемерово облысында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында шаңғымен тұғырдан секірушілер қоржынға бес медаль салды.

Бүгін аралас командалық сында еліміздің бірінші құрамасы күміс жүлдегер атанды. Илья Мизерных пен Софья Шишкина жұбы 438,8 ұпай жинады. Ал сапында Илья Шильников пен Алена Свириденко бар Қазақстанның екінші құрамасы 434, 1 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Бұл сайыста Ресейдің Кузбасс аймағының құрамасы топ жарды.

Осымен «Азия балалары» ойындарында шаңғымен тұғырдан секіру спортынан жарыс аяқталды. Кеше жекелей сында Илья Мизерных алтын, Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола медаль жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама