Оның бұрынғы аты «Бейсуотер-роуд» болған
Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Ресей елшілігі орналасқан ғимаратқа қарсы көшенің атауы «Киев-роуд» болып өзгертілді. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Қаланың ресми сайтында Ресей елшілігіне жақын тұрған бұл көшенің аты бұрын «Бейсуотер-роуд» болғаны атап көрсетілген. Ол Вестминстер ауданының территориясында тұр.
Аудандық кеңестің басшысы Адам Хаг көшенің атын ауыстыру жөніндегі бастаманың осындағы украин қауымы тарапынан көтерілгенін, сосын Лондон билігінің мұны «украин халқымен ынтымақтастықтың белгісі» ретінде қабылдағанын айтты.
Сонымен бірге Адам Хаг Вестминстердегі көшенің атауын өзгертуді өткен жылдың мамыр айынан бері қозғап келген екен.
Жаңа көшенің тақтайшалары қағылып үлгерді.