Мәскеудің жанында да бірнеше жерде жарылыс болған
Ресей қалалары соғыс басталғалы бері бірінші рет украин дрондарының шабуылына ұшырады.
Сейсенбі, 28 ақпан күні Ресейдің бірнеше өңіріне бірден Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары шабуыл жасады. Бұл соғыс басталған бір жылдан аса уақыт ішіндегі майдан шебінен жүздеген шақырым жерде жатқан Ресейдің территориясына жасалған бірінші қуатты соққы болды.
Украинамен тікелей шектесетін Брянск және Белгород облыстарының соңынан дрондар шабуылына Мәскеудің маңайы, Ленинград облысы және Краснодар өлкесі ұшырады.
Кубаньда түнгі сағат 2-де жарылыс заттары бар екі дрон «Роснефти» қоймасының территориясына жоспарлы түрде құлады. Туапсеге жақын жерде Қорғаныс министрлігінің казармасы орналасқан нысанда жарылыс болып, өрт басталды. Ал соққы тиген жерде әрбірі 1,5 метрлік екі шұңқыр қалды.
Осымен бір мезгілде Адыгеяда жарылыстар болды. Айрюм селолық қонысының басшысы Олег Коваленконың айтуынша, мұнда да жарылыстан кейін терең шұңқырлар қалған.
Арада бірнеше сағат өткеннен кейін, таңертең Санкт-Петербург билігі қаланың әуе кеңістігін танылмаған ұшушы нысаннан қорғау үшін әскери ұшақтар легін шығаруға мәжбүр болған.
Мәскеудің жанында да бірнеше жерде жарылыс болып, дрондар құлаған.