×

АҚШ Тоқаевтың реформаларын қолдайды – Блинкен

C5+1 кездесуінде экономика, энергетика, экология мәселелері талқыланды

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 19:48
Фото: Halyq Uni

АҚШ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АҚШ тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл реформаларын қолдайды. Осыған байланысты біз Қазақстан қабылдайтын шаралар мен атқаратын жұмыстарды бақылаймыз. Әсіресе, адам құқығын қорғау, жемқорлықты жою мен президенттік мерзімге қатысты жүргізіліп жатқан реформаларын атап өткім келеді, - деді Энтони Блинкен Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.

АҚШ саясаткерінің пікірінше, бұл бағыттағы өзгерістер Қазақстанға инвестиция құюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біз 1991 жылдан бері Қазақстан экономикасына 50 млрд-тан аса инвестиция құйдық. Алдағы уақытта АҚШ тікелей инвестиция бағыттауға ниетт»і, - деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Сондай-ақ ол еліміз әлемдегі мәселелерді шешуге өз үлесін қосып жүргенін атап өтті.

«Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуде өзіндік ерекше орны бар серіктес ел екенін атап өткім келеді. Мәселен, ядролық қарудың таралуын тоқтату, бітімгерлік операцияларға қатысу, сондай-ақ ғарыш кеңістігін зерттеудегі үлесі айрықша», - деді Энтони Блинкен.

Сөз соңында АҚШ мемлекеттік хатшысы С5+1 форматындағы министрлер кездесуінде экономика, энергетика, экология және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талықыланғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрі Қазақстанға Ресейден қауіп төніп тұрмағанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама