Тілсіз жау екі шаршы метр аумақты шарпыды
Қостанайда Ахмет Байтұрсынов атындағы өңірлік университет ғимаратынан өрт шығып, студенттер эвакуацияланды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Желіде эвакуация сәті түсірілген видео пайда болды. Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғимаратындағы кеңселердің бірінде кеңсе техникасы өртенгені белгілі болды.
7-қабатта оқу бөлмесінде кеңсе техникасы өртеніп, тілсіз жау 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң жетіп, өртті сөндірді, – делінген хабарламада.
Ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан барлығы 19 адам мен 6 техника жұмылдырылған.