Halyq Uni логотип
×

Алматыда күніне 133 мың оқушы тегін тамақтанады

Қазір мектептерде тамақтану сапасына күнделікті мониторинг жүргізетін комиссия бар

 Динара Амантай 28.02.2023 | 15:39
Алматыда күніне 133 мың оқушы тегін тамақтанады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Алматыда тегін тамақпен қамтылған оқушылардың үлесі 40%-ға жуықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биылғы оқу жылында 133 мың оқушы мектеп асханасында тегін тамақтана алады. Олардың арасында 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасыдан шыққан 5-11 сынып оқушылары бар. 1 қыркүйекте басталған бұл бастама – алматылық отбасылар үшін айтарлықтай көмек.

Алматыда 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша алғашқы пилоттық жоба қала әкімі Ерболат Досаевтың мұрындық болуымен ел көлемінде алғаш рет жүзеге асып отыр.

Бірыңғай стандарттарға сәйкес, 4 апталық тегін тамақтану мәзірі бекітілді. Ол білім басқармасының және білім беру ұйымдарының сайтында жазылған. Қазір мектептерде тамақтану сапасына күнделікті мониторинг жүргізетін комиссия бар. Құрамына медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар кіреді, – деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама