Прокурор ПД-ның бұрынғы басшысы Күдебаевты 9 жылға соттауды сұрады

Еркеғали Болатұлы

Ол Қаңтар оқиғасында ғимаратты тастап кеткен

фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске сала кетсек, 58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Соның салдарынан тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты қолды қылған.

Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Ал оған дейін Алматыда ІІО саласында 6 жылдан аса уақыт түрлі лауазымды қызмет атқарған.