«Азия балалары» ойындары: Қазақстан құрамасы үш жүлде алды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір ел қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар

фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Қысқы спорт түрлерінен Ресейдің Кемерево қаласында өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен толықты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных пен Илья Шильников қарсылас шақ келтірген жоқ.

Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде қола жүлдегер атанды. Ол төрешілерден 203 ұпай алды.

Енді Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.