Атырауда 53 жыл құжатсыз жүрген адам анықталды
Оған жеке куәлік тапсырылды
Дастан Жұмабекұлы
28.02.2023 | 12:18
Атырауда 53 жыл құжатсыз жүрген адамға жеке куәлік берілді.
Ол 2021 жылдан бері денсаулығына байланысты құжаттарын реттей алмаған. Сондықтан барлық құжаты ескі үлгіде болған.
1970 жылы туған Атарау қаласының тұрғынына «Мейірім Қазақстан» үкіметтік емес ұйымының өкілдері емхана қызметкерлері мен көші-қон қызметі бөлімі инспекторларының қолдауымен жеке куәлік дайындап, табыс етті.