×

Назарбаев ауыс-түйіс жасады

Елбасы шешімі жарияланды

 Халық үні 30.03.2022 | 14:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады.

Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы шешімімен Бисембаев Абай Айдарханұлы Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы көмекшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы көмекшісі – Қазақстан президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, – дейді елбасының баспасөз қызметі.

АБАЙ БИСЕМБАЕВ 

1967 жылғы 21 мамырда Көкшетау облысында туған. 1992 жылы «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1996 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты. 

1984 ж. Еңбек жолын Көкшетау облыстық құрылыс-монтаждау басқармасының жұмысшысы болып бастаған. 

1985 - 1987 жж. Кеңес әскерінің қатарында қызмет атқарған.

1992 ж. ҚазКСР Ғылым академиясы экономика институтының ғылыми қызметкері болған. 

1992 - 1994 жж. Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетке қарасты инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған. 

1994 - 1995 жж. Министрлер кабинеті іс басқармасы аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, президент жанындағы экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты болған.

1995 - 1996 жж. Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі болған.

1996 - 2006 жж. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті қызметтерін атқарған.  

2006 - 2012 жж. Президент іс басқарушысының орынбасары қызметін болған.

2012 - 2019 жж. Президент іс басқарушысы қызметін атқарған.

2019 ж. 20 наурыз. Тұңғыш президент - елбасы көмекшісі - президент іс басқарушысының бірінші орынбасары болған.

Мемлекеттік наградалары: «Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», II  дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама