Halyq Uni логотип
×

Кеше Угледар түбінде ресейліктер көп қаза тапты – РФ әскери журналисі

Олардың біразында қажетті киім-кешек пен қару-жарақ болмаған

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2023 | 11:12
Кеше Угледар түбінде ресейліктер көп қаза тапты – РФ әскери журналисі
фото: ашық дереккөз

Ресей журналистері Украина Қарулы күштерінің Донецк облысындағы Угледар елді мекені түбіндегі қанды қасапта өз әскерлерінің тамтығын қалдырмай қырып тастағанын растады.

Бурятияның әскери тілшісі Александр Гармаев сол сапта болған буряттардың да адам күші жағынан ауыр шығынға ұшырағанын қайғыра отырып мойындады. Журналист өзінің Telegram-арнасында опат болғандардың біразында қажетті киім-кешек (экипировка) мен қару-жарақ болмағанын, жалаң қолмен шабуылға шыққандарын айтты. Оның сөзіне сенсек, қазір Ресейдің Угледар ауданында тұрған оккупациялық армиясының жағдайы өте нашар көрінеді.

Бүгін көптеген қарулас достар қаза тапты. Угледардың түбінде әр метр жер үшін ауыр шайқастар болып жатыр, – деді ол.

Өзге де әскери сарапшылар Ресей армиясы теңіз жаяу әскерлерінің 40-шы және 155-бөлімшелері елді мекенге шабуылдауға бірінші әрекет жасағаннан кейін-ақ іс жүзінде жойылып кеткенін атап өткен. Ресей командирлері шабуылдың қарқынын бәсеңдетпеу үшін жақында мобилизациямен келген дайындықтары нашар сарбаздарды шайқасқа салып жіберген. Бірақ олардың көпшілігі Угледар түбіндегі орман алқаптарында сол бойы жойылып кеткен.

Украина Қарулы күштері олардың көп бөлігін алыс қашықтықтан артиллериямен және минометпен соққы беру арқылы қырғынға ұшыратқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама