×

Су тасқыны: Шардара мен Көксарай су қоймайларында жағдай әлі күрделі

Бүгінде жағдай қырағы бақылауда

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 10:35
фото: ашық дереккөз

Бүгінде су тасқыны кезеңінде Шардара мен Көксарай су қоймайларында жағдай әлі күрделі күйінде қалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, су қоймаларындағы суды уақытылы ағызу маңызды.

Әлихан Асханұлы, жыл басынан бері Шардара су қоймасында және Көксарай су реттегішінде жағдай күрделі. Бүгінде Шардара су қоймасының суға толуы – 5,1 млрд м3 немесе 98%. 
Көксарай су реттегішінде – 1,8 млрд м3 немессе 98%. Бұл ретте Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша «Қазгипроводхоз» институты тексеру жүргізіп, оның техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді. Оған сәйкес жинақтау 1,8 млрд м3 судан аспауға тиіс. Бұл туралы біз Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бірнеше рет хабарладық, - деді министр Үкімет отырысында.

Ол Шардара су қоймасынан және Көксарай су реттегішінен көп мөлшерде су ағызған жағдайда Түркістан және Қызылорда облыстарына су тасқыны қаупі төнетінін атап өтті.

Қызылорда облысының солтүстік аудандарындағы мұз қатуды Су ресурстары жөніндегі комитет су шығыны төмен кезде белгілеген. Бұл жағдайды қиындата түседі. Экология және табиғи ресурстар министрлігі (олардың басшылығымен) Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде судың жинақталу барысын бақылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру жөніндегі біздің ұсыныстарымызды есепке алмады, - деді Юрий Ильин.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 255 елді мекенге су тасқыны қаупі төніп тұрғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама