×

Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан ТЖМ қызметкерлеріне алғыс айтты

Мамандар кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетіп, бастарын қатерге тікті

 Динара Амантай 28.02.2023 | 10:22
Фото: primeminister.kz

Өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралып жатқан Үкіметтің кезекті отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ең алдымен бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады, – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетсек, Түркияның 10 провинциясында болған табиғи апаттан 42 мыңнан аса адам көз жұмған. Осы зілзаладан зардап шеккен аумаққа аттанған қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан бірнеше адамды құтқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама