×

50-ге жуық қазақстандық оқушы АҚШ-та өтетін робототехника чемпионатына жолдама алды

Дүниежүзілік сайыс Хьюстон қаласында өтеді

 Динара Амантай 28.02.2023 | 09:52
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрлігі мен «USTEM Robotics» қоғамдық қорының қолдауымен өткен «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан Орталық Азия ойындары өз мәресіне жетті. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын 50-ге жуық оқушы қорғайды. Олар – жеңімпаз атанған 4 команданың мүшелері. Сондай-ақ тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.

Чемпионат үш жас санатына орай өтті. Кішкентай балалар санаты бойынша Алматы қаласының оқушыларынан құрылған Adeptus Mechanicus тобы АҚШ-тf өтетін басты жарысқа жолдама жеңіп алды. Ортаңғы санатта басты жүлдені алматылық «Play 4 Energy» тобы иеленді. Ал 12-18 жас санатындағы басты жүлдегерлер – алматылық AENTA және NIS Kyran топтары. Үш күнге созылған сайыс тартысты өтті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын балалар қатарының артқаны қуантады, – деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Айта кетейік, Астана қаласында ақпанның 24-26-сы аралығында робототехникадан «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» чемпионаты өткен болатын. Оған еліміздің әр өңірінен 1200 оқушы қатысты. Биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама