Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 06:01-де болған
Тәжікстанда тағы да жер сілкінісі болды.
Сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 06:01-де болған. Қазақстан аумағында зілзала байқалмады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 685-шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7. MPV, магнитудасы – 4.8. Эпицентрдің координаттары – 37.56°С. Е. 73.63° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым.