×

Атырауда әйелден психотропты дәрілер, 3 млн теңге мен 14 жеке куәлік тәркіленді

Атырау тұрғынынан психотропты дәрілер, 3 млн теңге мен жеке куәліктер тәркіленді

 Халық үні 28.02.2023 | 08:31
Фото: 24.kz

Атырау тұрғынынан психотропты дәрілер, 3 млн теңге мен жеке куәліктер тәркіленді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 ақпанда кезекші бөліміне әйелдің заңсыз есірткі дайындап, психотропты дәрілерді сақтағаны туралы хабар түскен.

Аталған дерекке байланысты Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің қызметкерлері «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің біріне тексеру жүргізген.

«Тексеру кезінде жүйкеге тиетін әсері жоғары 7 дана трамадол, 3 дана тропикамид дәрі-дәрмегінің бос бөтелкесін, дәрігердің рұқсатымен ғана берілетін «Сомнолий» дәрі-дәрмегі және целлофанға оралған қара түсті өзіне тән иісі бар психотроптық есірткіге ұқсас зат табылды. Бұған қоса бөтен адамдардың 14 жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 6 дана еңбек кітапшасы мен 3 млн 074 мың теңге табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама