×

Ақсайда жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы табылды

 Халық үні 28.02.2023 | 06:28
Фото: Halyq Uni

Ақсай қаласында жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы аман-есен табылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 ақпан күні кешкісін болған.

«Ақсайдағы №6 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Алан Мерғалиев білім ордасынан сағат 19.15-те шыққаннан үйіне оралмаған. Баланы іздестіру іс-шараларына бүкіл жеке құрам жұмылдырылды. Соның нәтижесінде оқушы 28 ақпанға қараған түнгі сағат 00.20 шамасында аман-есен табылды. Толық ақпарат кейін беріледі», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама