Halyq Uni логотип
×

Бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің жалақысы өсті

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды

 Халық үні 28.02.2023 | 00:41
Бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің жалақысы өсті
ашық дереккөзден

Үкіметте Халықтың табысын арттыру бағдарламасын өзектендіру бойынша ұсыныстар мен нәтижелері қаралды.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің жалақысы өсті. Атап айтқанда, 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға,600 мың педагог пен мұғалімнің жалақысы 25%-ға, 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20%-ға өсті.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда бағдарламаны 2029 жылға дейін өзектендіру шаралары пысықталды. Бұл ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр. Бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру, сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.

Сондай-ақ бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама