ҚР Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жөнелтілді деген хабарды жоққа шығарды

Халық үні

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды

Фото: РИА Новости

ҚР Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео болып табылады», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Алматы көшелерімен кетіп бара жатқан бронды техниканың видеосы тарады.