Шетелде Қазақстанның 77 сайлау учаскесі ашылды
Азаматтар сайлау учаскесі бар консулдық өкілдігіне немесе мекемесіне жүгіне алады
Мәжіліс сайлауы кезінде 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке қызметтік, оқу, іскерлік, туристік мақсатпен жүрген Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі бар консулдық өкілдігіне немесе мекемесіне жүгіне алады,- деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, шетелдегі сайлау учаскесінде дауыс беру үшін Қазақстан азаматтары оларға хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек.
«Учаскелердің байланыс деректері министрліктің ресми сайтында жарияланады», - деді ресми өкіл.