Мейіржанова екі жүлдені жеңіп алды
Көркем гимнасшы Айым Мейіржанова мен Елжаңа Таниева Эстонияда өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды.
Мейіржанова екі жүлдені жеңіп алды. Ал Таниев күміс медальді иеленді.
Айым Мейіржанова таспамен көрсеткен өнері үшін күміс медаль жеңіп алса, шығыршықпен сынға түскенде үздік үштікті түйіндеді.
Елжаңа Таниева Әлем кубогы кезеңінде алтынға бір қадам жерде тоқтады. Ол жаттығуында жүлдеден бір адым жерде қалды. Ал таспамен көрсеткен өнерінің нәтижесінде 6-орынға жайғасты. Көпсайыста отандасымыз 9-орын алып, үздік ондықтың қатарына қосылды.