×

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы елордада Тоқаевпен кездеседі

Кездесу С5+1 форматында өтеді

 Дәурен Ерболат 27.02.2023 | 17:16
фото: 1lurer.am

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтеді. Астанада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды әрі премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдайды.

Сол күні елордада Энтони Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ Сыртқы саяси ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы кездесуі өтеді», - деді ресми өкіл СІМ-де өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама