×

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметінен босатылды

Ол бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшісі ғана емес, Молдовадағы елшісі болды

 Халық үні 30.03.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөзден

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы елшісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, – дейді Ақорда.

Ал Қазақстанның Молдовадағы елшісі лауазымына Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков тағайындалды.

Бұған қоса Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстанның Хорватиядағы елшісі қызметіне тағайындалды.

Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстанның Словакиядағы елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Хорватиядағы елшісі лауазымынан, Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08