Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметінен босатылды
Ол бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшісі ғана емес, Молдовадағы елшісі болды
Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, – дейді Ақорда.
Ал Қазақстанның Молдовадағы елшісі лауазымына Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков тағайындалды.
Бұған қоса Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстанның Хорватиядағы елшісі қызметіне тағайындалды.
Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстанның Словакиядағы елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Хорватиядағы елшісі лауазымынан, Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.